Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаевтың жиені адамдарға рухани бағытта сабақ беруде

16:45, 08 қаңтар 2026
Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев дзен дәрежесіне жетіп, ішкі тыныштық пен саналы өмір сүруді насихаттайтын рухани бағыттағы жобасын іске қосты, деп хабарлайды Alash.KZ Dalanews.kz сайтына сүйеніп.

Spark of Light деп аталатын бұл жоба адамның өзін тереңірек тануына, күйзелістен арылуына және өміріне саналы көзқараспен қарауына көмектеседі. Бағдарлама аясында ой мен сананы дамыту, ішкі үйлесімге жету жолдары ұсынылады.

Сонымен қатар жоба шеңберінде адамзат санасының жаңа деңгейге өтуі туралы рухани тұжырымдар да қамтылған.

Бұған дейін Нұрәлі Әлиев туған күнін Дубайда дүркіретіп атап өткен еді. Туған күн кешінен кадрларды Әлиевтің өзі әлеуметтік желідегі парақшаларында бөліскен. Суреттерден туған күнде оны балалары да жүргенін байқауға болады. 

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев, Forbes мәліметтері бойынша, Қазақстандағы ең бай 75 адамның рейтингінде 39-орында. 

Ол «Capital Holding» ЖШС мен «Darmen Holding» ЖШС-нің мажоритарлық акционері.

Әлиев Дубайда (БАӘ) орналасқан Donatello Hotels and Resorts қонақүй желісіне, Алматыдағы Donatello Boutique Hotel қонақүйіне, сондай-ақ Алматы мен Астанадағы бірнеше мейрамханаға иелік етеді.

Ақпан айында Әлиев Instagram парақшасында сату мәмілесіне байланысты «Транстелеком» АҚ акционерлері құрамынан шығатынын мәлімдеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар