СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Camry автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан, деп жазады Alash.KZ.
Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдық режимін бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және қауіпті маневрлер ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мұқият болыңыздар және өмірлеріңізді сақтаңыздар, – делінген ПД хабарламасында.
2025 жылы СҚО аумағында 593 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 47 адам қаза тауып, 793 адам түрлі жарақат алған. Соның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда 117 ЖКО тіркеліп, 26 адам қаза тауып, 200 адам жарақат алған.