Дональд Трамптың 2027 жылы қорғаныс бюджетін 1,5 трлн долларға дейін арттыру туралы шешімі АҚШ-тың дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқанын білдіреді. Бұл туралы белгілі америкалық тілші Такер Карлсон мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ Kazinform сайтына сілтеме жасап.
- Мұндай бюджет жаһандық немесе аймақтық соғысқа дайындалып жатқан елге тән. Әлбетте, біз сол бағытта, дүниежүзілік соғысқа қарай бет алып барамыз, - деп мәлімдеді Такер өзінің авторлық бағдарламасында.