Республикалық адвокаттар алқасы асқан айуандықпен кісі өлтірген Қуандық Бишімбаевты жақтаған адвокатты марапаттады, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Марапатталғандардың ішінде әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген Қуандық Бишімбаевты қорғаған адвокат Ерлан Ғазымжанов та бар.
Ерлан Ғазымжанов "Кәсіпқойлығы үшін" мерекелік медалімен марапатталды.
Оған медальді республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев табыс етті.
Сол сотта Игорь Вранчев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының құқықтарын қорғаса, Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың мүдделері үшін күресті.