Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ахметжан Есімов пен оның күйеубаласы ұсталды

21:53, 17 сәуір 2022 284
 


Алматының бұрынғы әкімі, «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшысы Ахметжан Есімов пен оның күйеубаласы, Jýsan Bank-тың негізгі акционері Ғалымжан Есенов ұсталды.

Бұл туралы журналист Фарида Батырбаев өзінің Facebook парақшасында хабарлайды.
«Есімов пен Есенов ұсталды. Мұртты Өтем (олигарх Болат Өтемұратов – Ред.) елден қашып кетті» делінген хабарламада.



Бұл туралы әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жоқ.

Еске салсақ, Ахметжан Есімов Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Ал Ғалымжан Есенов Алматы эес-әкімінің қызы Айжан Есімоваға үйленген.

Бұған дейін Елбасының бірнеше туыстары қамауға алынған болатын. Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 13 наурызда Антикордың қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы да тексерілуде. Ұсталған Қайрат Сатыбалдыұлы Дубайға ұшпақ болған. Ол Алматы әуежайы аумағында ұсталды.

Қайрат Сатыбалдының  бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды шымкенттік шенеуніктермен бірлесіп, Шымкентте нақты орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарына төленген 747 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланды.

Бұдан бұрын да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға рейдерлік жолмен бизнесті басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған болатын.

Гүлмира Сатыбалды ағымдағы жылдың 16 наурызында ұсталып, елорданың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандық кәсіпкер, Дариға Назарбаевның құдасы Қайрат Боранбаевтың күдікке ілінгенін айтты.
«Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қ.С.Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады ведомство.




Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар