Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«10 жылдан бері іздеуде жүрген»: Өскеменде 55 жастағы шетел азаматы ұсталды

«10 жылдан бері іздеуде жүрген»: Өскеменде 55 жастағы шетел азаматы ұсталды

Өскеменде мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы шетел азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Alash.kz.

ІІМ мәліметінше, күдіктіні Шығыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қолға түсірген. Ол сот үкімі шыққаннан кейін жазасын өтеуден жалтарып жүрген. Деректерге сәйкес, ер адам 2007 жылдың желтоқсанында тұрмыстық жанжал кезінде танысын пышақпен жаралап, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Кейін сот оны сырттай 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған, алайда азамат бой тасалап, 2016 жылдың соңында мемлекетаралық іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта ұсталған тұлға жөнінде оны іздестірген тарапқа хабар берілді. Ер адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында биылғы желтоқсан айында тиісті елге тапсыру жоспарланған.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полицейлері іздеуде жүрген 23 адамды ұстаған. Олардың 13-і бұрынғы жылдары жасалған қылмыстар бойынша іздеуде болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар