Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зейнет жасын төмендету керек: Петицияға қол қою басталды

21 маусым 2024 358

Елімізде зейнет жасын төмендету туралы петиция пайда болды деп, хабарлайды Alash.kz.

Еpetition сайтында жарияланған петиция үш мыңға жуық дауыс жинап үлгерген.

Еңбек министрі Светлана Жақыпованың сөзінше, петиция 50 мың дауыс жинаса, министрлік жұмыс тобын жинап, халықпен бірге барлық пікірді ескеріп, шешім қабылдайды.

"Қазір зейнет жасына тиіспей, басқа шараларды қарастырып жатырмыз. Егер азаматтар ерте зейнетке шығуға ниет білдірсе, мысалы, мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығы, зейнетке шығуды кейінге қалдыру құқығы бар болса, біз оларға қатысты шараларды қарастырып жатырмыз", – деді министр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?