Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ырым болсын». Маңғыстау облысының әкімі соңғы қоңырауға қатысып, жас түлекке галстугын сыйлады

11:45, 24 мамыр 2025 138

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақшұқыр мектеп-лицейінің соңғы қоңырауына қатысты. Мектепте 11 жыл бойы жақсы баға алған жас түлекке, Бекжан Аманқосқа галстугын сыйға тартып, ағалық ақ тілегін арнады, деп хабарлайды ALASH.KZ порталы.

Видео әлеуметтік желіге енді таралып жатыр. Оқушыларға қарай жақындаған Нұрдәулет Қилыбай Бекжанның қолынан алып, оны өзіне қарай тартқан. Басқа балаларға «ренжімеңдер» деген ол Бекжанның озат оқушы екенін айтып, кезінде өзі де Бекжан сияқты, мектеппен дәл осылай қоштасып кеткенін есіне алды.

«Жігіттер, ренжімеңдер, бірақ Бекжан 11 жыл бойы топ жарып келді ғой. Біз де осы жігіттер сияқты қарапайым отбасыдан шығып, дәл осылай мектеппен қоштастық. Қазақта ырым бар ғой, Бекжан ертең біз сияқты президентті қарсы алып, президентке кіріп, алдында баяндама жасап, елдің жетістіктерін асқақтатып жүрсін деген ниетпен мен мойнымдағы галстугымды сыйлаймын. Осы жігітке біздің жолымызды берсін, ертең елдің мақтанышы болсын. Болашақта президенттің алдына ең бірінші рет барғанда осы галстукты тағып бар», - дейді Қилыбай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар