Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Интимдік қызмет: Бишімбаев Салтанат ажал құшқан дәл сол уақытта "Юлия суперге" неге хабарласты?

16:30, 02 мамыр 2024 1611

Жарыссөзде сөз алған жәбірленушінің өкілі Игорь Вранчев Бақытжан Байжановтың аммиак құйылған бөтелкесін лақтырып, Нүкенованың киімін жоқ қылып жібергені туралы баяндады. Осы кезде Бишімбаев өзіне мықты қорған ойын іске асырады. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді. 

Игор Вранчев Юлия суперге Бишімбаевтың не үшін хабарласқанын айтты. 

«Ол өзі танысым деп таныстырған Гүлнар Насырбековамен кездеседі. "Юлия Суперге" телефон шалады. Ол интимдік қызмет көрсететін адам. Кейін моншаға, клубқа телефон шалады. Не үшін? Бірде-бір адам Салтанат жоғалып кеткен жағдайда, моншада қыздармен, жезөкшелермен көңіл көтеріп жүрген күйеуінен күдіктенбейді. Сол сәтте оның қолынан қаза тапқан әйелі көрші бөлмеде жатыр деген ой ешкімнің ойына да келмес еді. Бұл нағыз өзін қорғап алудың керемет ойластырылғант әдісі», - деді Вранчев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар