Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлының түрмеге қамалғанына қатысты пікір айтқан халыққа шүйлігіп, "халық жауы ретінде атып тастауды ұсынған" видеосы жарық көрді. Әншінің әкесі бұл жайлы "Әсембике" ютуб-арнасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
- Қайрат өнерден көп таяқ жеді. Анау да шалды, мынау да шалды. Баяғы Prime plaza-дағы жағдай бар. Ол жерде Қайраттың еш кінәсі жоқ... Марқұм Арман Дүйсеновтің Республика сарайында кеші өтті. Қайрат Нұртас бір-екі әнін айтатын. Сол жерге кіргізбей қойған ғой. Мен сол кезде үлкен кісілерге айттым. «Халық жауы болатын болса, алаңға шығарып, атып тастасаңыздаршы!» - дедім, - деп айтты Нұртас Айдарбеков.