Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Випзалда болғанымды айтпасаңыз беремін". Бишімбаев тосын мәлімдеме жасады

12:08, 15 сәуір 2024 758

Бишімбаевтың айтуынша, Байжанов оған талап қойған. 

Сот процесі кезінде бүгін экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа сұрақ қоймақ болды. Алайда судья Айжан Көлбаева сұрақтардың бірнеше рет қайталанып жатқанын ескертті.

Бишімбаев Байжанов сотта өзін "ауылдың аңқау баласы ретінде көрсеткісі келетінін" айтады.

"Байжанов менен "вип-залға қайта-қайта кіргенін жасырғысы келіп, маған солай айт" деп отыр. Нашатырмен байланысты оқиғаны өздеріңіз өзінен нақтыладыңыздар. Ал менен сұрамадыңыздар. Мәселе мынада: ол випзалға сол нашатыр спиртімен кірді де, сол банкіні қайта алып шықты. Ол оны қалай қолданғанын да білмеймін. Ол сол өзі жерде 5 минуттай болды. Сол уақыттан бері, бес ай бойы мен одан құжаттарды талап етіп келемін. Ал ол маған "егер өз жауабыңызда сол випзалда болғанымды айтпасаңыз ғана беремін" дейді. Ол випзалда 5-6 минут болды, Нүкенова ұйықтап, қорылдап жатқанын көрді", - дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар