Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұстаз ұлы ма әлде жұмысшы ма: Шырша безендіру кезінде құлаған мұғалімнің жағдайы қазір өте ауыр

09:37, 23 желтоқсан 2024 203

22 желтоқсанда Семейде қаласының шыршсын безендіру кезінде мұғалім Қуат Айтқалиев құлап, жансақтау бөліміне түсті. Оның қазіргі жағдайы туралы досы Біржан Ахмер баяндады, – деп хабарлайды Alash.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. 

"Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде жазушы, ұстаз Қуат Айтқали досымыз аяқасты жоғарыдан құлап, реанимацияға түсті.Ол 49 мектепте жұмыс істейді. Қазір науқастың жағдайы ауыр.Мәселеге тікелей қатысы бар тұлғалар ел алдында жауап береді деп ойлаймыз. Қуаттың денсаулығы мектеп басшылығына емес, өзіне, отбасына керек. Мұғалімдерді осындай жұмысқа тарту қаншалықты дұрыс? Досыма амандық тілеймін. Тезірек сауығып кетсін", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шыршаны безендіріп жатып құлаған мұғалімге қатысты пікір білдіріп, бұны заң бұзушылықтың айқын көрінісі деген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар