Бүгін Ақтау маңында құлаған ұшақ ішінде Қазақстанның алты азаматы болған.
Holanews ұшақ бортында болған алты қазақстандықтың төртеуінің кім екенін тауыпты, деп хабарлайды
Alash.kz
Олардың есімдері Azerbaijan Airlines инстаграм-аккаунтында жарияланған және жолаушылардың туған күндері бойынша сәйкестендірілді.
1. Салима Жүтаева (1995 жылы туған) – әлеуметтік желідегі парақшасында Қостанай мен Грозный қалаларында тұратынын көрсеткен. Мамандығы – стоматолог.
2. Гаухар Шаймерденова (1975 жылы туған) – Астана тұрғыны. Тележүргізуші Санди Сұлтан оның ұшақ бортында болғанын хабарлады. Журналист олардың дос екенін және Бакуден 10 жасар ұлы Елдармен бірге ұшқанын айтты. Елдардың есімі де жолаушылар тізімінде бар. Болжам бойынша, ұлдың азаматтығы басқа, себебі Балалар құқықтары жөніндегі комитеттің мәліметінше, бортта қазақстандық балалар болмаған.
3. Сандібек Төлесінов (1988 жылы туған) – Жаңаөзен қаласынан. Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, “MunaiFieldService” ЖШС-де жұмыс істейді.
4. Бауыржан Жұмағұлов (1985 жылы туған) – Жаңаөзен қаласынан. Әлеуметтік желідегі мәліметтер бойынша, “ӨзенМұнайСервис” компаниясында жұмыс істейді.
Қалған екі адамның жеке тұлғасы анықталмады. Тірі қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Embraer 190 ұшағы Әзірбайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлағанын жаздық. Ол Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Құлау алдында ол Каспий теңізінің үстінен Төтенше жағдайлар департаментіне сигналын берген. Қазір зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Тірі қалғандар бар екені хабарланды. Ұшақ ішінде 69 адам болған. Аман қалғандар саны – 32.
Ұшақ апатынан аман қалғандар тізімінде қазақстандықтар жоқ екенін
хабарлаған едік.