Ұшақ апатынан аман қалғандар тізімінде қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Апат салдарынан барлығы 29 адам аман қалды. Олардың 27-сі жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Олардың 11-і ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала түсті. Оларды отаға дайындап жатыр. Оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы аман қалғандардың тізімін ұсынды. Алайда олардың ішінде қазақстандықтар жоқ.