Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұрлықстан: Қазақстанда ірі ақшаға қатысты істердің беті ашылып, күдіктілер ұсталды

11:26, 15 ақпан 2025 779

ҚР Ішкі істер министрлігі халықаралық және мемлекетаралық іздеуде болған бірнеше күдіктіні ұстады,  деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Мәліметке сенсек, Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. 2023 жылдың қараша айында кәсіпкерлік қызметтің атын жамылған қаскүнем жәбірленушіге тендерге қатысса, жақсы пайда табатынын уәде етіп, 76 млн теңгеден астам қаражат пен Lexus 570 автокөлігін иемденіп алған.

Маңғыстау облысының "Бейнеу" теміржол станциясында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Ол ұрлық жасағаны үшін полициямен іздеуде жүрген. Өткен жылы ер адам Атырауда топпен бірге базар қоймасынан 19 млн теңгеге тауар ұрлап кеткен.

Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген адам ұсталды. Ол басқа біреудің мүлкін иемденіп, талан-таражға салды деп күдікке ілінген. Қаскөй Шымкенттегі ломбардтардың бірінің филиалының директоры бола тұра, өз сыбайластарымен бірге ЖШС-ға тиесілі 1 млрд теңге қаражатты иемденіп, талан-таражға салған.

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар