Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлытау облысында заманауи 300 пәтерлі тұрғын үй кешендері бой көтереді

14:04, 30 тамыз 2026

Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бүгін Жезқазған және Сәтбаев қалаларында жаңа тұрғын үйлердің іргетасын қалау рәсімі өтті. Аталған нысандардың құрылысын «QazaqStroy» компаниясы жүзеге асырады.

Жаңа тұрғын үй кешендері қалалардың қолданыстағы инфрақұрылымымен үйлесімді ықпалдастырылып, іргелес аумақтар кешенді түрде абаттандырылады.

Жезқазған қаласында жалпы 240 пәтерге арналған бес қабатты жеті тұрғын үй салынады. Оның бесеуі екі кіреберісті, екеуі бір кіреберісті болады. Барлық үйлер жертөле бөлмелерімен жабдықталады.

Сәтбаев қаласында 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй бой көтереді. Жоба аясында аула аумағын абаттандыру, балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, автотұрақтар мен демалыс орындарын, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтарды ұйымдастыру көзделген.

Тұрғын үйлерді жобалау барысында қауіпсіздік талаптарына, энергия тиімділігіне және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше мән берілді.

Жаңа нысандарды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар