Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлына 3 млн теңге қарызын өтемеген ана ақыры абақтыға қамалды

19:58, 15 қазан 2024 1840

Абай облысында баласына алимент төлемеген тұрғын бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Риддердің 31 жастағы тұрғынына 4 жыл бойы алимент төлемей, ұлына шамамен үш млн теңге қарыз болғаны үшін сот үкімі бойынша 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Бірақ соттың шешіміне қарамастан және пробация қызметінің есебінде тұрған кезде де ол жазаның өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзып келген. Сотталған әйел пробация қызметінің жазасын өтеуден жалтарып, есеп беруге келмей, тексеру кезінде тұрғылықты жері бойынша үйінде болмаған. Сол үшін бас бостандығын шектеу жазасы 7 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Күйеуім екеуміз алкогольдік ішімдікке құмар болдық. Сол үшін бізді ата-ана құқығынан айырды және пробация қызметінде есепте тұрғанда алимент төлеуге бізді сот шешімімен міндеттеді. Істің бұлай насырға шабатынын, аяғы осындай болып кететінін түсінбедім. Мен бұл үшін ештеңе болмайды деп ойлап, сот шешімін елемедім. Қазір менің ұлым 12 жаста. Мен ол үшін жақсы ана болмағаныма өкінемін. Оның алдында өзімді кінәлі сезінемін. Ол мені кешіреді деп үміттенемін, – деп бөлісті сотталған әйел.

Сотталған әйел қазір жазасын Абай облысындағы әйелдер колониясында өтеп жатыр. Қазір ол карантиндік бөлімде.

Карантин бөлімінен кейін ол тігін цехына жұмысқа орналасады және жалақыдан алимент бойынша берешекті төлейді, – деді арнайы бөлім бастығы Светлана Голикова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар