Белгілі ақын Қасым Аманжоловтың қызы Дариға Қасымқызының өмірден өткені хабарланды. Қаралы хабарды жайлы ақын Жанат Жаңқашұлы естіртті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ақын Жанат Жаңқашұлы өз парақшасында:
Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың қызы Дариға апамызға уақыт болыпты деген хабар алып отырмыз. Алла панасына алсын апамызды! Жаны жәннаттық болғай! - деп жазды.
Назарларыңызға ақын қыздары Жанна мен Дариға Қасымқызының әкесі жайлы берген сұхбатынан үзінді ұсынамыз:
– Иә, әкеміз үлкен жүректің иесі болатын. Аса балажан кісі еді. Тағдырдың түрлі тауқыметіне қарамастан бізге мейірімін төгіп, еркелетіп өсірді. Қызық қылықтарымызға балаша мәз болып, демде өлең арнайтын. Анамызға деген құрметі тіпті ерекше еді. «Семья – шағын мемлекет, Мен – Президент, сен – Премьер» деген анамызға арнаған әзіл өлеңі бар ғой. Түрлі мерекелерде, бізді қолымыздан жетектеп, алаңға апарып қыдыртып, қала берді, табиғат аясында жиі серуендететін. Поэзиядан бөлек әкеміздің өнердің де өз өкілі екенін исі қазақ жатқа біледі.