Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үлкен сенім артылып отыр. Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды

16:46, 12 қаңтар 2026

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаевтың бұйрығына сәйкес, Өтешов Алмас Дәулетярұлы ауыр атлетикадан ересектер арасында облыстың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Ендігі кезекте Алмас Дәулетярұлы облыста ауыр атлетика спорт түрін дамытуға және спортшылардың тұрақты түрде әлемдік додаларға қатысуына сондай-ақ спортшылардың жалпы нәтижесіне жауапты болады”,- делінген хабарламада.

Алмас Дәулетярұлы - Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан екі дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы. 

Спортшы бұған дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты "Мұз айдыны" мекемесінде әдіскер, "Олимпиадалық резерв даярлау орталығы" КММ директорының орынбасары қызметтерін атқарған.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар