Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Украина өз жерін қайтарады": Трамп Путинге сес көрсетіп, маңызды мәлімдеме жасады

18:19, 24 қыркүйек 2025 773

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясында сөйлеген сөзінен кейін және Нью-Йоркте Владимир Зеленскиймен кездесу барысында Украинаға қатысты жаңа көзқарасын білдірді, деп жазады Alash.kz.

Ол Ресейдің 3,5 жылдан бері жүргізіп келе жатқан соғысын "мәнсіз" деп атап, "шын мәніндегі әскери державаға мұндай соғыста жеңіске жету үшін бір аптадан аз уақыт жеткілікті болар еді" деді.

Трамп Truth Social желісінде жазба жариялап, Украина Еуропа Одағы мен НАТО-ның қаржылық және әскери қолдауының арқасында бастапқы территориясын қайтаруға толық қабілетті екенін айтты.

"Уақыт өте келе Еуропа мен НАТО-ның қаржылай көмегі арқылы соғыс басталғандағы шекараны қалпына келтіріп, қайтаруы мүмкін. Ресей 3,5 жылдан бері босқа соғысып келеді, ал нағыз әскери держава мұндай соғысты бір аптада аяқтар еді", – деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар, Трамп Украина "мүмкін одан да әріге бара алады" деп атап өтті. Оның сөзінше, Ресей мен Владимир Путин қазір үлкен экономикалық дағдарыста тұр, сондықтан Украинаға белсенді әрекет етуге қолайлы уақыт туған. Ол НАТО қару-жарағын жеткізуді жалғастыратынын да уәде етті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар