Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Украина бейбітшілік орнауына кедергі болған емес» - Зеленский Трамптың ауыр айыптауына жауап берді

22:00, 16 қаңтар 2026

Украина президенті Владимир Зеленский НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен сөйлескеннен кейін жасаған мәлімдемесінде ресми Киевтің соғысты тоқтатуға ешқашан бөгет болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұл пікір АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаны келіссөзге дайын емес деп айыптаған сөздеріне жауап ретінде айтылды.

Зеленский Вашингтонмен арадағы дипломатиялық байланыстарға тоқтала келе: «Біз Америкамен дипломатиялық жұмыс туралы сөйлестік. Украина ешқашан бейбітшіліктің орнауына кедергі болған емес және болмайды да», - деді.

Бұған дейін Дональд Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында Украинаның бейбіт бітімге келуге құлықсыз екенін меңзеп, төрт жылға созылған соғыстың аяқталмауына тікелей Зеленскийді кінәлаған болатын. Алайда Украина басшысы Мәскеудің энергетикалық нысандарды атқылауын алға тартып, Ресейдің ниеті түзу емес екенін жеткізді. Ол өз сөзінде:

«Ресейлік зымырандар, ресейлік «Шахедтер», дрондар және Ресейдің Украинаны жоюға тырысуы - Ресейдің келісімдерге мүлде мүдделі емес екенінің айқын дәлелі», - деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Кремль өкілі Дмитрий Песков Трамптың пікірін қолдайтынын білдіріп:

 «Мұнымен келісуге болады, бұл шынымен де солай. Президент Путин мен Ресей тарапы өз ашықтығын сақтап отыр», - деген пікір айтты.

Дегенмен АҚШ барлау қызметі мен еуропалық саясаткерлердің пайымы Кремльдің мәлімдемелеріне қайшы келеді. Барлау деректеріне сүйенсек, Владимир Путиннің түпкі мақсаты - бүкіл Украина аумағын басып алу. Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль де Ресей басшысының шынайы келіссөздерден қашу үшін түрлі сылтаулар ойлап тауып отырғанын алға тартты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар