Түркияның Измир аймағындағы Селчук ауданында бір үйдің бес баласы өрттен қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Orda.kz. сайтына сілтеме жасап.
Мәліметтерге сүйенсек, үйдегі электр пешінен ақау шығып, соңы өртке ұласқан. Үйде қараусыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі балалар болған. Олар түтінге тұншығып көз жұмды.
«Әкелері де, туысқандары әрдайым көмектесіп отыратынбыз. Жағдайлары жаман емес еді. 15 күн бұрын менің інім барып балалардың ересектерін интернатқа өткіз, кішкентайларын мен алайын депті. Бірақ анасы өзім қараймын деп рұқсат бермепті», - дейді балалардың нағашы ағасы.
Бұл жантүршігерлік оқиға Түркияны дүр сілкінтті. Парламент депутаттары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған бағдарламаны қайта қарау керектігін мәлімдеді.
«Отбасы жөніндегі министрлік өкілдері балаларды арнайы интернатқа алайық деп бұл үйге 18 рет барған екен. Алайда анасы келіспеген. Мемлекеттен жәрдемақы да тағайындалған. Болашақта осындай жағдайлар қайталанбас үшін аз қамтылған отбасыларға қатысты бағдарламаны қайта қарау керек. Балаларды сот шешімімен отбасынан алып, мемлекеттік интернатқа орналастыру мәселесін оңтайландыру қажет», - дейді «Ақ партия» фракциясының жетекшісі Өзлем Зенгин.