Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Түрмеден өлі табылды»: 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт туралы қаралы хабар тарады

17:59, 06 қараша 2026

Павлодар облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде 20 жастағы азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл оқиғаның тарихы 2025 жылдан бастау алады. Сол кезде 19 жастағы жігіт Instagram желісі арқылы 15 жастағы мектеп оқушысымен танысып, кейін олардың арасында өзара келісіммен жыныстық қатынас болған. Бұл жағдайдан хабардар болған қыздың анасы полицияға арыз түсірген. Қазақстан заңнамасына сәйкес 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынғандықтан, 2026 жылдың сәуірінде сот жігітті 12 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Арада бірнеше ай өткеннен кейін сотталушының түзеу мекемесінде көз жұмғаны белгілі болды. Павлодар облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің алдын ала берген мәліметіне қарағанда, марқұм өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, өлімнің нақты себептері жан-жақты тексеріліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар