Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Уақыт емдемейді екен… Алла алдынан жарылқасын!»: Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

14:22, 06 қараша 2026

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы осыдан төрт жыл бұрын өмірден өткен отағасы, марқұм Қайрат Шерәліұлының қайтқан күніне ас беріп, оның рухына бағыштап асыл сөздері мен естелігін бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Жүргізілген діни рәсімде белгілі Нұрлан имам бас болып құран бағыштады. Сонымен қатар, марқұм Қайрат Шерәліұлының рухына бағыштап, жары Ләйлә Сұлтанқызы мен ұлдары Сағадат және Сардардың атынан Орта Азиядағы жалғыз «Нұр-Мүбарак» ислам университетінің құрылысына садақа ретінде 210 кірпіш қаланды.  

Тележүргізуші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында отағасына деген сағынышын білдіріп, жүрек тебірентерлік жазба қалдырды. Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы былай деп жазды:

«Қарашаның ызғары… Қайрекеңнің бақилық болғанына бүгін төрт жыл… Өзіңсіз төрт күз, үш қыс, төрт көктем өтті. Бірақ сен кеткен қарашаның ызғары бәрібір жүрегімізден кеткен жоқ…

Уақыт емдемейді екен. Тек сағынышпен өмір сүруді үйретеді. Оңай емес… Қатты қиналған сәттерде ешкімге көрсетпей, кейде оңаша жылап аламын. Шыным. Кейде сенімен ойша сөйлесемін, сырласамын…

Қайреке, Сағадат пен Сардар өсіп келеді. Жиен немерең Таймас өмірге келді. Үлкен немерең Ажар шетелде білім алып жүр. Ағайын-туыс аман. Сені сағынышпен еске алып, үнемі дұғасына қосып жүретін жақындарың бар. Соның бәріне шүкіршілік етемін. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын! Алла алдынан жарылқасын», — деп түйіндеді сөзін тележүргізуші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар