Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"1 келі есірткі тәркіленді" - Астанада 19 жастағы қыз күдікті ретінде ұсталды (ВИДЕО)

20:44, 05 қараша 2026

Астанада есірткі бизнесіне қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы бойжеткен ұсталды. Тәртіп сақшылары оның уақытша тұрып жатқан пәтерінен ірі көлемде есірткі заттары мен оларды қаптауға арналған жабдықтарды тәркілеген, деп жазады Alash.kz.

Полицияның мәліметінше, тұрғын үйге жүргізілген тінту кезінде шамамен 1 келі мефедрон табылған. Сонымен қатар есірткі салынған 300-ден астам түйіншек пен заттарды өлшеп, бөліп орауға пайдаланылатын құралдар анықталды.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, 19 жастағы қыз есірткіні жалдамалы пәтерде сақтап, кейін оны тарату үшін басқа адамдарға жеткізіп отырған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тәртіп сақшылары заңсыз есірткі айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тергеу жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар