Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерлан Қарин 255 адамға Қазақстан азаматтығын беруді ұсынды

21:58, 05 қараша 2026

Қазақстан азаматтығын алуға үміткер 255 адамның өтініші мақұлдауға ұсынылды. Сонымен бірге тағы 43 азаматтың Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтінішін қанағаттандыру мәселесі қаралды. Бұл туралы Alash.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында азаматтық алу және одан шығуға қатысты өтініштер талқыланды.

Отырыс қорытындысында 255 адамды Қазақстан азаматтығына қабылдау жөніндегі ұсыныс Мемлекет басшысының қарауына жіберілмек. Ал азаматтықтан бас тартуға ниет білдірген 43 адамның өтініші бойынша оң шешім қабылдау ұсынылды.

Ерлан Қарин соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер саны тұрақты түрде азайып келе жатқанын атап өтті. Оның дерегінше, кейінгі сегіз жылда мұндай өтініштердің саны шамамен 40 есеге қысқарған.

Вице-Президент бұл үрдісті елдің халықаралық беделі мен азаматтар үшін тартымдылығының артуымен байланыстырды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, төлқұжатымыздың беделі жылдан жылға нығайып келеді. Бұл Қазақстанның тартымдылығының арта түскенін білдіреді. Түрлі индекстердің деректеріне сәйкес, Қазақстан төлқұжаты өңірде ең таңдаулы саналады. Азаматтарымыз әлемнің 80-ге жуық еліне визасыз қатынай алады», – деді ол.

Сондай-ақ Ерлан Қарин Қазақстан азаматтығына шетелдік IT және бизнес саласының өкілдері, инвесторлар, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері тарапынан қызығушылық артып келе жатқанын жеткізді.

Оның пікірінше, бұған елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалар, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы саясат ықпал етіп отыр.

Осылайша, азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия бір мезгілде Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға қатысты өтініштерді қарады. Ендігі түпкілікті шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына 255 адамды Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізіледі.

Сондай-ақ комиссия 43 адамның азаматтықтан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынбақ.

Вице-Президенттің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр.

Атап айтқанда, кейінгі 8 жылда Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтініштер саны шамамен 40 есеге жуық азайған. Бұл өз кезегінде еліміздегі әлеуметтік оптимизм деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, төлқұжатымыздың беделі жылдан жылға нығайып келеді. Бұл Қазақстанның тартымдылығының арта түскенін білдіреді. Түрлі индекстердің деректеріне сәйкес, Қазақстан төлқұжаты өңірде ең таңдаулы саналады. Азаматтарымыз әлемнің 80-ге жуық еліне визасыз қатынай алады", – деді Ерлан Қарин.

Сонымен қатар Қазақстан азаматтығы шетелдің ІТ, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, инвесторлар, ғылымдар мен мәдениет қайраткерлері үшін тартымды бола түсуде.

"Еліміздің азаматтығы Президенттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда жүзеге асырған реформаларының нәтижесінде осындай беделге ие болды. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысы жүргізіп отырған халықаралық ынтымақтастық саясатының жемісі екені анық", – деді Ерлан Қарин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар