Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тойдан кем емес: ҚМДБ құдайы аста артық шығын жасамауға шақырды

19:08, 06 қараша 2026

Бас мүфтидің айтуынша, соңғы уақытта марқұмның жетісі, қырқы мен жылдығына арналған астарда шектен тыс шығынға жол беру жиілеген, деп жазады Alash.kz. 

Кейбір отбасылар құдайы асты тойдан кем өткізбей, елден қалмау үшін қарыз алуға дейін барады.

Мүфтият ондай аста қымбат дастарқан жаю міндет емес екенін еске салды.

Ал құдайы астың мақсаты – марқұмға Құран бағыштап, дұға жасау.

Осыған байланысты ҚМДБ «Ас беру мәдениеті» құжатын қабылдады. Онда дастарқанды қарапайым жайып, артық шығынға жол бермеу керектігі айтылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар