Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ресей мен Қырғызстанға да рұқсат жоқ»: Қазақстан жанармайға шектеу мерзімін ұзартты

18:32, 06 қараша 2026

Қазақстан бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін шетелге шығаруға қойылған шектеуді тағы алты айға ұзартты. Жаңа тыйым 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін күшінде болады, деп жазады Alash.kz.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов тиісті бұйрыққа қол қойған. Құжатқа сәйкес, бензин мен дизель отынын, сондай-ақ бірқатар мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігімен Қазақстан аумағынан әкетуге болмайды. Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге де қатысты. Яғни Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Арменияға жанармай жеткізуге де тыйым салынады.

Бұдан бөлек, 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін ЕАЭО кедендік аумағынан тыс елдерге жеңіл дистилляттар, авиациялық керосин, дизель отыны, газойль, толуол, ксилол және мұнай битумын шығаруға шектеу қойылады.

Тыйымға қарамастан, кейбір жағдайларда мұнай өнімдерін шетелге шығаруға рұқсат беріледі. Атап айтқанда:
🔺Автокөліктің зауытта орнатылған жанармай багындағы отынды әкетуге;
🔺Зерттеу және сынақ жұмыстарына қажетті авиациялық отынды шығаруға;
🔺Үкімет шешімімен гуманитарлық көмек ретінде мұнай өнімдерін жеткізуге болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар