Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзінің денсаулығына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасап, теріс пікір жазған оқырмандарға жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өзінің жеке парақшасында жазба жариялаған ол желі қолданушыларының негізсіз қауесеттерге сеніп, жағымсыз пікірлер қалдырып жатқанына тоқталды. Осыған байланысты ол хейтерлерге мынадай ресми сөзбен жауап қайтарды:
«Хейтекеш хейтекеңдер денсаулығы сыр берді деп жаңалық ашып, соған аңғал адамдар қарғап, шаршап коммент жазып отырғанда, мен шүкір, саудамды жасап отырмын. Бұралаң сөз бұтыма», — деп жазды ол.
Сондай-ақ ол қазіргі таңда денсаулығының жақсы екенін және өз кәсібін кедергісіз жүргізіп жатқанын атап өтті.