Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мектеп оқушылары Жаңа жылда неше күн демалады?»: Қысқы каникул мерзімі белгілі болды

09:54, 06 қараша 2026

Қазақстан мектептеріндегі қысқы каникул 28 желтоқсанда басталып, 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін созылады, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдыңғы аптадағы 26-27 желтоқсан сенбі мен жексенбі күндеріне сәйкес келгендіктен, мектеп оқушылары Жаңа жыл мерекесі қарсаңында каникулмен қосқанда қатардан 16 күн бойы демалатын болады.

Бұдан бөлек, бірінші сынып оқушылары үшін арнайы қосымша қысқы демалыс қарастырылған. Олар 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында тағы 7 күн бойы қосымша демалыс алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар