Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мәйіті табылды»: Қызылордада 8 күн бұрын із-түзсіз жоғалған қария туралы қаралы хабар шықты

10:18, 06 қараша 2026

Қызылорда қаласында 29 қазан күні үйінен шығып кетіп, содан бері хабар-ошарсыз жоғалған 65 жастағы Ғани Көшербаев өлі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ер азаматты табу мақсатында барлық күш пен құрал жұмылдырылып, ауқымды жедел-іздестіру шаралары жүргізілген болатын. Алайда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жоғалған қала тұрғынының мәйіті облыс орталығының аумағынан табылды. Белгілі болғандай, бұған дейін тараған ресми ақпараттарда марқұмның деменция диагнозымен есепте тұрғаны хабарланған еді.

Тиісті сот сараптамасының қорытындысы бойынша марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Жауапты ведомство өкілдері Ғани Көшербаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар