Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ауылыңа кет. Алматыны ұятқа қалдырма!»: Орысша білмегені үшін жеке басқа тіл тигізген әйел қамалды (ВИДЕО)

17:32, 06 қараша 2026

Алматыдағы «Пенка» мейрамханасына жұмыс іздеп, қазақ тілінде жазған азаматқа тіл тигізіп, балағаттаған әйел 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Түрксіб аудандық полиция басқармасы прокуратура тапсырмасымен арнайы іздестіру жүргізіп, бұған дейін әлеуметтік желіде Ольга Добынина деген атпен танылған Ольга Солошенконы тауып, бөлімшеге жеткізді. Одан түсінік алынған соң жиналған материалдар сотқа жолданған. Алматы сот шешімімен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, полицияның арнайы қабылдау орнына қамалды.

Осыған дейін желіде тараған хаттарда мейрамхана өкілінің «Всякую шваль я не собираюсь брать на работу», «Учи язык», «Езжай в аул к себе и не позорь Алматы», «Позорище», «Кроме своего казахша ни х..я не умеешь» деп жазғаны анықталып, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Осы жағдайға байланысты полицияға алғашқы болып арызданған заңгер Мейірман Шекеев соттың бұл жазасымен келіспейтінін білдірді. Оның пікірінше, Солошенконың әрекетін тек ұсақ бұзақылық деп бағалау жеткіліксіз.

Осыған орай заңгер Мейірман Шекеев құзырлы органдардан істі қылмыстық бағытта қайта қарауды талап етіп отыр. Заңгер бұл жайтқа қатысты өз сөзінде әйелдің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 174-бабында көзделген әлеуметтік, ұлттық немесе этностық алауыздықты қоздыру, сондай-ақ 145-баптың 1-бөлігіндегі адамның тең құқықтылығын бұзу белгілері толық барын және оның әрекетіне нақты әрі қатаң құқықтық баға берілуі тиіс екенін атап өтті.

«Қалай ойлайсыздар, бұл ұсақ бұзақылыққа жата ма? Әлде жаза қатаң болу керек пе?»

Құрметті достар, біз Ольга Добынина сияқтылардың деңгейіне түсіп, мәдениетсіз сөздер жазбай-ақ қояйық.

Біз қазақ - текті халықпыз. Тектілігімізбен-ақ жететін нәтижеге бірлесіп жете отырайық.

Иә, осы бейнені тарата отырып және құзырлы органдардан аталған азаматтың жазасын қатаңдату бағытында әрекет етуін талап етейік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар