Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің 1/8 финалында тартысты бәсеке өткізіп, жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Alash.kz.
Әлемдік рейтингте 473-орында тұрған және іріктеу кезеңінен сәтті өтіп негізгі жарысқа жолдама алған отандық спортшы екінші айналымда әлемнің 160-ракеткасы, жапониялық Маи Хонтамамен кездесті. Үш сетке созылған тартысты бәсеке 3 сағат 16 минутқа созылып, нәтижесінде Жібек қарсыласына 6:4, 4:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Осы матю барысында қазақстандық спортшы бірде-бір эйс жасай алмай, жеті рет қос қателік жіберді және 17 брейк-пойнттың сегізін өз есебіне жазды.
Осылайша, ширек финалға бір қадам қалғанда тоқтағанына қарамастан, бұл нәтиже Жібек Құламбаеваның мансабындағы елеулі тарихи жетістік болып саналады. Себебі отандасымыз бұған дейін жекелей сында WTA 250 санатындағы жарыстардың бірінші айналымынан әрі аса алмаған еді.
Қазақстан Теннис федерациясының мәліметі бойынша, Жібек Үндістандағы турнирдегі өнерін әлі де жалғастырады. Ол енді жұптық сында аустралиялық Габриэлла Да Силва Фикпен бірге жартылай финалға шығу үшін таласатын болады.