Өзбекстанның Бас прокуратурасы қазақстандық жас футболшылардың Ташкентте улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Alash.kz.
Аталған жағдайдан кейін Өзбекстан астанасында ауруханаға түскен қазақстандық жас спортшылардың барлығы емделіп, аман-есен елге оралды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігі ресми түрде мәлімдеді.
Ұлдарының аман-есен оралуына ұйытқы болған тараптарға жас спортшылардың ата-аналары ерекше ырзашылығын білдірді. Ата-аналар өздерінің алғыс хабарламасында былай деп атап өтті:
«Қиын сәтте қолдау көрсетіп, жедел көмек ұйымдастырған елшілік қызметкерлері мен балаларымызды емдеп шығарған дәрігерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз», — деді жас футболшылардың ата-аналары.
Қараздылық пен тергеу амалдары Өзбекстанның құзырлы органдарының бақылауында. Ташкенттегі оқиғаның нақты себептері қозғалған қылмыстық іс аясында анықталып жатыр.