Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тағы да жертва болудан ұяламын. Қиянат жасайды»: Дана Нұржігіт тосын мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

16:50, 06 қараша 2026

Қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас пен зәбір көру мәселесіне қатысты танымал тележурналист Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ой бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өз жазбасында тележүргізуші жақындары тарапынан қорлық пен озбырлық көрсе де, оны ашық айтуға қысылып, үнсіз қалатын жандарға қолдау білдірді. Оның сөзінше, тирандар қарсы тараптың ұяттылығын өздерінің әлсіз тұсы ретінде пайдаланады. Осы орайда Дана Нұржігіт мынадай пікір білдірді:

«Тағы да "жертва" болудан ұяламын (құрбан, потерпевшая, жәбірленуші болудан) дейтіндерге айтарым: сізге қорлық жасап жатқан адам сіздің ұятыңыздың барын (әлсіз тұсыңыз, "ұятты жеріңіз") барын біле тұра қиянат жасайды. Өйткені өзі ұяттан жұрдай! Сондықтан да ондай қаскүнемді ашық күресіп қана жеңесіз. Есіңізде болсын!», — деп жазды тележурналист.

Желідегі оқырмандардың басым бөлігі бұл сөздерді жүргізушінің бұрынғы күйеуіне қатысты астарлы ойы болуы мүмкін деп топшылап, өз пікірлерін қалдырды.

Белгілі болғандай, Дана Нұржігіт бұрынғы жұбайы Владимир Рерихпен ажырасқан соң екінші рет отбасын құрған болатын. Алайда бұл некесі де сәтсіз аяқталып, ол екінші жұбайымен де жолдары екіге айрылған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар