Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түрмеде 35 кг-ға дейін арықтаған журналист Думан Мұхаммедкәрім шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

17:56, 18 шілде 2024 1945

Журналист Думан Мұхаммедкәрім ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.

“Кеше қабылдады, бүгін жатқызды. Қонаев қаласының көпсалалық ауруханасындағы арнайы палатада ем қабылдап жатыр. Стреске байланысты, ұзақ уақыт аштық жариялауына байланысты Думанның денсаулығы нашарлаған. Оның бауыр-бүйрегі, асқазаны ауырады. Буындарында протрузия бар. Сырқаты көп. Әзірге емдеу уақыты орташа он күн деп айтты. Сол жақтан сотқа баратын сияқты” деді адвокат Ғалым Нұрпейісов 18 шілдеде Азаттыққа.

Оның сөзінше, сотта үзіліс жариялау-жарияламау мәселесі дүйсенбі күні белгілі болады.

Адвокаттың сөзінше, абақтыға қамалғанға дейін журналистің салмағы 95 кило болған, аштық акцияларынан кейін журналистің салмағы 60-қа дейін түсіп кеткен.

“Думан көп отыра алмайды. Екі-үш сағаттан артық шыдай алмайды. Белі ауырады. Аштықты тоқтатқаннан кейін шамамен бес килодай салмақ жинады. Бірақ одан артық емес. Біз оған "медициналық көмек көрсетілмесе, азаптаумен пара-пар" деп өтініш түсіргенбіз. Оны ауруханаға жатқызуға көмек берген қоғам белсенділері мен құқық қорғаушыларға рахмет” деді адвокат.

Қамаудағы журналист бұған дейін өзінің құқы өрескел бұзылғанын айтып, наразылық ретінде бірнеше рет аштық жариялаған. Кейбір жолы аштық акциясын талабы орындалғасын тоқтаса, бірнеше рет денсаулығына байланысты тоқтатқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар