Желіде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 12 жастағы қызды белгісіз біреулердің аңдығаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Alash.KZ.
Видео авторының айтуынша, көшеде қызға белгісіз адамдар жақындап, оны үйіне жеткізіп салуды ұсынған.
"Автокөлік дереу анықталып, жүргізуші әйел мен оның жолаушылары бірден полиция бөліміне жеткізілді", - дейді облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, күмәнді адамдар медициналық куәландыруға жіберілген.