Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау тұрғындарының базынасын тыңдап, халықты таңға дейін жұмыс орнында қабылдаған, деп жазды Alash.kz.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарын түні бойы қабылдаған. Бұл туралы қала тұрғыны әрі кәсіпкер Бибігүл Рамазан әлеуметтік желіде хабарлады.
Оның айтуынша, тұрғындармен кездесу 5 желтоқсан күні кешке басталып, келесі күнгі таңғы 07:15-ке дейін жалғасқан. Әкім кезек күткен азаматтардың барлығын жеке қабылдаған.
«Осындайды кім көрген?» — деп жазды Бибігүл Рамазан.
Нұрдәулет Қилыбай 2024 жылдың 17 мамырында Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Бейнеу ауылында дүниеге келген, инженерлік және экономикалық білімге ие.