Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туған тілін биік қойған қазақ қызы тағы қуантты. Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға атақ берілді

20 маусым 2024 365

Қазақ тілін құрметтейтін қарагөз-дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға жаңа атақ берілді. Әбиба Әбужақыноваға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері болды, деп сүйіншілейді Alash.KZ ұлттық порталы. 

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды. Бұл туралы «Жеңіс» дзюдо клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Әбиба Әбужақыноваға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері жоғары дәрежелі атағы берілгенін қуана хабарлаймыз», - делінген мәлімдемеде.

48 кг салмақ дәрежесінде белдесетін Әбиба Әбужақынова – дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының үздігі. Ол – әлем чемпионатының екі дүркін қола медаль иегері, Grand Slam турнирінің жеті дүркін жүлдегері, Grand Prix рейтингтік турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?