Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туған қызын күйеуге күштеп шығармақ болған әке ақыры қызын қылғындырып өлтірді

17:56, 20 қараша 2024 657

Наманган облысы, Тұрақорған ауданының 22 жастағы тұрғыны ата-анасына өзіне құда түскен ер адамға тұрмысқа шықпайтынын айтқан. Кейін әкесі туған қызын қылғындырып өлтірген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Сот құжаттарына сәйкес, бұл жантүршігерлік қылмыс 2024 жылдың 12 маусымында Өзбекстанның “Исвахон” махалласында болған.

1974 жылы туған азамат М.Э. таңғы сағат жеті шамасында өз үйінің қонақ бөлмесінде 2002 жылы туған қызы Д.У.-ды орамалмен қылқындырған.

Қыздың белгіленген күйеу жігітіне тұрмысқа шығудан бас тартуы және басқа жас жігітпен кездесіп жүргенін мойындауы осы қайғылы жағдайға себеп болған.

Қызын бірнеше минут бойы орамалмен қылқындырған әкесі оның әлі тірі екенін көріп, қолымен қылқындыра бастаған. Қыз қайтыс болғаннан кейін, ол денесін жертөлеге апарып қойған.

Кейін М.Э. көршісінен өзен жағасына апаруын сұрап, жасаған ісін мойындағанын және өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан. Алайда көршісі оны мұндай әрекетке бармауға көндіріп, билікке баруға үгіттеген. Осыдан кейін М.Э. аудандық ішкі істер бөліміне барып, болған оқиға туралы мәлімдеген.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, қызының өмірін қиғаны үшін қатты өкініш білдіріп, кешірім сұраған.

Қайтыс болған қыздың анасы Т.Э. сот отырысында ұлын ойлап, күйеуін кешіргенін, бірақ оның жасаған әрекеті үшін жазалануы керек екенін айтқан.

Сот үкімі бойынша, М.Э. Қылмыстық кодекстің 97-бабына (Қасақана кісі өлтіру) сәйкес кінәлі деп танылды.

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар