Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Трамптың тағы бір жеңісі” - АҚШ Президентінің ескі тәртіпті қайтарып, әлем күтпеген шешім қабылдады

17:14, 07 қараша 2025

АҚШ-тың Жоғарғы соты Трамп әкімшілігіне азаматтардың паспортында туғандағы жынысын көрсету талабын қоюға рұқсат берді, деп хабарлайды Alash.kz..

Сот Массачусетс штатында қабылданған, азаматтарға паспортта жынысын өз қалауынша көрсетуге мүмкіндік беретін қаулының күшін тоқтатты. Енді құжаттарда қайтадан адамның туғандағы биологиялық жынысы көрсетіледі.

Бұған дейін Байден әкімшілігі кезінде азаматтар паспортта жынысын өз бетінше таңдай алатын еді. Алайда Ақ үйге қайта оралған алғашқы күнінде Дональд Трамп тек екі жынысты ғана тану туралы жарлыққа қол қойды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл шешімді “президент пен ақыл-ойдың үлкен жеңісі”  деп атады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар