Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп әлеуметтік желіде мақтанып, Хамас пен Израильдің ортақ келісімге келгенін жеткізді

10:14, 09 қазан 2025 123

Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі аясында келісімге қол қойды, деп хабарлайды Alash.kz.

9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп:

"Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының алғашқы кезеңіне қол қойғанын зор мақтанышпен хабарлаймын. Бұл барлық тұтқын босатылатынын, Израиль өз әскерін келісілген шепке дейін алып кететінін білдіреді", - деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social желісіндегі парақшасында.

ХАМАС келісімді растады. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл келісімді "Израиль үшін ұлы күн" деп атады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар