Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тойға тойдық. Дарақылық". Жұрт Шымкентте "мақтан қуып" 200 миллион теңгеге сүндет той жасағандарға жауықты

09:43, 03 тамыз 2024 617

Әлеуметтік желіде Шымкентте өткен сүндет той көпшіліктің назарын аударды. блогер Нақтырақ айтсақ, Айя Әжібек есімді блогер жеке парақшасына видео жүктеп, 200 миллион теңгеліксүндет той иесі өзінің құрбысы екенін айтқан, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

SMARTNEWS.KZ басылымы блогердің жазбасын жариялап, той жайын хабарлады. 

“Шымкенттегі 200 миллион теңгелік сүндет той. Бұл тойдың иесі, менің ең жақын құрбым – Әсел. Әселмен университет оқып жүргенде таныстық. Бір етікті киіп, бір нанды бөліп жегенбіз. Ол туралы бүгін стористе бөлісемін. Туф, мына тойдың атмосферасын видеодан сезіндіңіз бе? Шымкенттің нөмірі бірінші тойханасында осындай атмосфера болды. Әншілердің өзі 10 миллион теңгеге келді. Иә, осындай достарым бар. Ал сіз сүндет тойды осылай дүркіретіп өткізуге қалай қарайсыз?" – деп жазды ол. Одан кейін құрбысына бір бөлмелі пәтер сыйлағанын да айтып өтті.

“Құрбыма тойында 1 бөлмелі пәтер сыйладым. Иә, бұл менің жан құрбым. Одан бөлек бір жасар қызына 1,5 млндық оригинал Cartie браслет. Әсел – мен үшін әлемнің ешбір байлығына жетпейтін қымбат жан. Күйеуіммен ажырасып, өз жұртым маған “кет” деген, “маған келші” деп өзінде паналатқан жан құрбым мен оның отбасы”, – деп жазды блогер.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп, тойды қызу талқылап жатыр.

"Біздің де жағдайымыз болды, бірақ Египетке барып, демалып келдік”, Ақша көп болса, тойға емес, жетім-жесірлерді тойдырыңдар, мақтанатындай той емес", "Ысырап. Мұндай ақшам болса да, бұлай жасамас едім", "Керексіз понт", “Ұл баланы сонша көкке көтеріп, 200 миллион теңгеге той жасағаны несі?", "Тойға тойдық. Дарақылық, ғылыммен айналысып жатқан елдерден ұят, шамамыз жарысып той жасаудан аспайды", – деп жазған олар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар