Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шоуға айналдырмаңыздар»: Марқұм фельдшердің күйеуі көпшілікке шұғыл үндеу жасады

12:29, 04 желтоқсан 2025

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жараланып, қайтыс болған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі желідегі парақшасында қазақстандықтарға үндеу жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Марқұм әйелім – хайп үшін пайдаланатын нысан емес. Онымен жақын болғандай жазбаға суреттерін жүктеуді тоқтатыңыздар. Лайк жинау немесе жасанды жанашырлық көрсету үшін оның есімін қолдануға сіздердің моральдық құқықтарыңыз жоқ. Біздің қайғымызды, оның қадір-қасиетін және отбасымызды құрметтеңіздер. Тоқтаңыздар. Оны шынымен танып, шын жүректен жақсы көрген жандар ғана оның бейнесін жүрегінде сақтасын, жасанды жазбаларда емес. Бұл сөзім бөгде адамдарға да, кейбір туыстарға да қатысты. Біреудің қасіретін шоуға айналдырмаңыздар”, – деп жазды Зейнет Әділет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар