Белгілі академик, философия ғылымының докторы, профессор Жабайхан Әбділдин 93 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі растады, деп жазады Alash.kz.
1933 жылы Павлодар облысында дүниеге келген көрнекті ғалым ғылымдағы жетістіктері үшін «Барыс» орденінің II және III дәрежелерімен, сондай-ақ ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Достық» медалімен марапатталған.

Министрліктің хабарламасында академиктің қазақ ғылымына сіңірген еңбегі ерекше атап өтілген:
Жабайхан Мүбәрәкұлы – отандық философия мен диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған көрнекті тұлғалардың бірі. Теориялық танымның терең мәселелерін зерттеуде өшпес із қалдырған ғалымның жетекшілігімен 10 ғылым докторы және 40-қа жуық ғылым кандидаты дайындалған.