Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Түн жарымда жабылып ұрған” - Бесағаштағы сұмдық төбелес туралы ел естімеген ақпарат шықты (ВИДЕО)

“Түн жарымда жабылып ұрған” - Бесағаштағы сұмдық төбелес туралы ел естімеген ақпарат шықты (ВИДЕО)

Алматы облысының Бесағаш ауылында көшеде кетіп бара жатқан жас жігітті жабылып ұрған екі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға 1 желтоқсанға қараған түні болған. Полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Қылмыстық іс аясында оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, іске қатысы бар өзге тұлғалардың мекен-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасуда. Тергеудің барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген облыстық полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар