Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар! “23 жастағы фельдшер қаза болды” - Алматыда 103 көлігі ауыр апатқа ұшырады (ВИДЕО)

15:53, 03 желтоқсан 2025 130

Алматыда 3 желтоқсанға қараған түні жедел жәрдем көлігі мен Kia автокөлігі қатты соқтығысқан. Қайғылы оқиға жедел жәрдем бригадасы шақыруға бұрылмақ болған сәтте тіркелген, деп хабарлайды Alash.kz.

Полицияның мәліметінше, соққының күшінен жедел жәрдемде отырған 23 жастағы фельдшер ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оны бірден ауруханаға жеткізгенімен, бір сағаттан кейін алған жарақаттарынан көз жұмған.

Құзырлы органдар жол-көлік оқиғасы бойынша адам өліміне әкелген баппен қылмыстық іс қозғады. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр, апаттың нақты себептері мен оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар