Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“7 адам қаза тапты”. Шұғыл! Танымал футбол ардагерлері сұмдық жол апатына түсті (ВИДЕО)

09:52, 03 желтоқсан 2025 155

Алматы – Бішкек тас жолында 7 адамның өмірін қиған ірі жол апаты тіркелді. Қаза тапқандардың қатарында Бішкектегі футбол турнирінен елге қайтып келе жатқан қазақстандық сурдоспортшылар барі, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, апат салдарынан есту қабілеті бұзылған бес спорт ардагері, көлік жүргізушісі және тағы бір жолаушы көз жұмған. Бұл туралы қоғам белсендісі, жол-көлі оқиғалары жөнінен сарапшы Арсен Шакуов хабарлады.

Оның баяндауынша, марқұм болған спортшылар - әкесінің жастайынан келе жатқан жақын достары. Ол түнде Бішкектен келе жатқан топтың КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқанын, соққының өте ауыр болғанын жеткізді. Куәгерлердің сөзінше, жүк тиелген КамАЗ жоғары жылдамдықпен келіп, Honda Odyssey көлігіне соғылған. Соның салдарынан бес спорт ардагері оқиға орнында қайтыс болған.

Қаза тапқан спортшылардың аты-жөні белгілі болды:

• Асыл Ибраимов -  есту қабілеті бұзылған спортшыларды дайындайтын футбол жаттықтырушысы;

• Дмитрий Мочальский -  сурдолимпиялық чемпион, шахматтан Еуропа чемпионы;

• Сәкен Смағұлов -  футбол ардагері, есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ұлттық құрама ойыншысы;

• Сергей Волковинский -  футбол ардагері, ұлттық құрама мүшесі;

• Серік Молдашев - футбол ардагері, ұлттық команда ойыншысы.

Арсен Шакуовтың айтуынша, марқұмдардың артында балалары мен немерелері қалды. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар