Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жігітімен кездестірмегені үшін, анасын өлтірген” - 14 жасар оқушының қылмысы елді дүрліктірді (ВИДЕО)

15:39, 03 желтоқсан 2025 170

Ресейдің Прокопьевск қаласында елді дүрліктірген ауыр қылмыс тіркелді. 14 жастағы мектеп оқушысы өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Alash.kz. 
Тергеу органдарының мәліметінше, жасөспірім мұндай қадамға анасының үй тапсырмасын орындатуы және жігітімен кездесуіне тыйым салуы себеп болған. Қыз қылмысты 16 жастағы жігітімен бірге алдын ала жоспарлаған.

Тергеу деректері бойынша, екеуі әйелге бірнеше пышақ жарақатын салып, денесін жертөлеге жасырған. Қылмыс ізін жасыруға тырысқан жасөспірімдер көп ұзамай ұсталды.

Қазір олар психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық істі Тергеу комитеті мен прокуратура жүргізуде. Тергеушілер қылмыстың толық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар