Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Енді, соққы жасауды бастаймыз… Оңай!» - Трамп қауіпті ескерту жасады

11:28, 03 желтоқсан 2025 197

АҚШ экс-президенті Дональд Трамп Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне қарсы әскери операцияларды кеңейтетінін айтты. Бұған дейін АҚШ тарапынан тек теңіз арқылы есірткі тасымалдаған қайықтарға ғана соққы жасалса, енді шабуыл құрлықта да жүргізілмек, деп хабарлайды Alash.kz.

Трамптың сөзінше, картельдерге қарсы күресті кеңейту - олардың инфрақұрылымын толық жоюға бағытталған қадам.

«Біз құрлықта да соққы жасауды бастаймыз. Оны іске асыру әлдеқайда оңай. Біз олардың жүретін бағыттарын білеміз. Біз олар жайлы бәрін білеміз. Қайда тұрады, қайда жасырынған. Бәрін білеміз», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар